Тағы не істеуге болмайды. Сайлау күнінде тыйым көбейді

journalok.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2019 17:24 journalok.ru
Сайлау күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда беспилотник ұшыруға тыйым салынбақ.

ҚР индустрия министрлігінің Азаматтық авиация комитеті сайлау өтетін күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әуе кеңістігін пайдалануды шектеу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР ІІМ және ҚР Қорғаныс министрлігі өзара келісілген шешім бойынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшатын аппараттарды пайдалануға шектеу енгізді. Шектеу уақыты 2019 жылдың 9 маусымында сағат 4.00-ден 00.00-ге дейін жалғасады. Шектеу жерден 500 биіктікке дейін енгізіледі, – деп хабарлады министрлік.

Шектеу Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларының жұмысына әсерін тигізбейді.

– Ұшыру шектелген аймақта рұқсатсыз ұшу үшін (пилотсыз ұшатын аппараттарды қоса) аппаратты пайдаланған тұлғаға 10 АЕК көлемінде айыппұл, лауазым иелеріне 20 АЕК көлемінде (ӘҚбК 563 бабы) айыппұл салынады, – деп атап өтті министрлікте.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: