Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болды

cosmo.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2019 16:28 cosmo.com.ua
izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.

Қазақстанда izi сауда маркасымен жаңа мобильді оператор жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Оператордың сайтындағы ақпаратқа сай, оператор әзірге бета-тестілеу режимінде жұмыс істеуде. Клиенттер izi-дің SIM-картасын тек жеткізу қызметі арқылы ғана ала алады, курьерлік қызмет әзірге тек Алматы қаласында жұмыс істейді екен.

"izi-де қазірдің өзінде клиенттердің 99% пайдаланатын басты қызметтер бар. Бірақ қызметтер тізімі көбейе түсуде", - делінеді оператордың сайтында.

izi-дің интернет, қоңырау мен SMS пакеттерін бөлек сатып алуға болады, пакеттерінің ерекшелігі – шектеу мерзімі жоқ. izi абоненттерінің нөмірлері +7 706 деп басталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: