Путинді қорға, халықты тепкіле – симулятор ОМОН деген ойын шықты
Steam онлайн-сервисінде симулятор ОМОН деген ойын шықты: ойынды жүктеп алған қолданушылар наразылық шараларына қатыса алады, бірақ тек күштік құрылымдар жағында болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ойыншықтың ресми атауы – OMON Simulator. Бұл жобаның релизі 6 қыркүйекке жоспарланған.
Трейлеріне қарағанда, ойыншылардың мақсаты – түрлі мемлекеттердің бірінші тұлғаларын қорғау: роликте түрі Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трампқа ұқсайтын персонаждар жүр.
Бұл ойынды бір адам ғана емес, 10 адамға дейін бірге ойнауға болады – жабыла жұмылып, митингке шыққан бұзақы халықтың көкесін танытыңыз!
OMON Simulator жақсы тарту үшін 2 GHz процессор, 2 ГБ ОЗУ, кемінде GTX 750ti видеокартасы және дискіңізден 1 гигабайт бос орын керек.