Қазір Қазақстанда 42 млн sim-карта қосылып тұр

regnum.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2019 20:56 regnum.ru
Әрбір азаматқа 2-3 sim-картадан келеді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко Imei сервисінің мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

- Іс жүзінде сіз үш түрлі тексеру жүргізе аласыз: телефон тіркелген немесе тіркелмеген бе, ЖСН мен телефон арасында байланыс бар ма. Сондай-ақ, осы ЖСН-ға қанша нөмір тіркелгенін білуге ​​болады. Бұл қызметке қазақстандықтар асқан қызығушылық танытып, өз нөмірлерін белсенді түрде тексере бастады, - деді Виталий Ярошенко ОКҚ-да өткен баспасөз жиынында.

Ол біздің елімізде қанша SIM-карта сатып алынғаны туралы статистиканы келтірді.

- Біз Қазақстан бойынша ұялы байланыс операторлары абоненттерінің деректер базасының статистикасын жүргіздік. Жалпы, елде 18 миллион адам тұратынына қарамастан, елімізде 42 миллион SIM-картаны сатылып, жұмыс істеп тұр. Тиісінше, әрбір азамат статистикаға сай 2-3 SIM-карта ұстайды. Бірақ бұл орташаланған есеп. Өйткені кей азаматтар 2-3 нөмірді тіркейді, ал кейбіреулердің атында 30-40 мың нөмірден тіркелгені анықталды. Ол адамдар өздерінің сонша нөмірдің иесі екенін білмеген, - деп толықтырды спикер.

ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш индустриясы министрлігі әр адамның атына тіркелген телефон нөмірлерін тексеру мүмкіндігі пайда болғанын хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: