Жаңалықтар тізбегі
0

Ғаламда аса қуатты жарылыс тіркелді

XMM / GMRT / 2MASS, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2020 17:03 XMM / GMRT / 2MASS
Жарылыс Жерден 390 миллион жарық жыл қашықтықта орналасқан.

Астрономдар Үлкен жарылыс кезінен бергі ғаламдағы ең күшті жарылысты тіркеді. Кей мамандар бұл жаңалықты динозаврлардың ең алғашқы сүйектерінің табылуымен салыстырады. Бұл туралы EurekAlert! сайтындағы баспасөз хабарламасында айтылады, деп жазады Lenta.ru.

Жарылыс Жерден 390 миллион жарық жыл қашықтықта орналасқан және Ophiuchus жұлдыздар шоғырындағы аса ірі Қара құрдымда болды. Энергетикалық толқудың күшті болғаны соншалық, шоғырды қоршап тұрған плазмада үлкен саңылау пайда болды. Ол саңылауға Құс жолындай 15 галактика сиып кетеді.

Ғалымдар бұған дейін де рентгендік телескоптар арқылы мұндай саңылауларды байқаған, бірақ ол құбылыс жарылыс әсерінен туындайды деген пікірді жоққа шығарып келген. Бұл гипотеза радиотелескоптар мен әртүрлі толқын ұзындығын ұстай алатын басқа да құралдардың көмегімен жүргізілген бақылаулар арқасында расталды: Chandra, XMM-Newton ЕКА рентген обсерваториялары, Батыс Австралиядағы Murchison Widefield Array (MWA) антеннасы және Үндістандағы Giant Metrewave Radio Telescope (GMRT) радиотелескопы осыны дәлелдейді.

Зерттеушілер мұндай тым қуатты жарылыстың себебін әлі білмейді. Болашақта MWA 2048 антенналарының орнына 4096 антенналары қолданылып, жіті бақылау жасалады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: