Жаңалықтар тізбегі
0

Оқушының ажалы: телефонды түнде "зарядкаға" қалдыру керек емес

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2020 18:29 видеодан кадр
Қазіргі онлайн сабақ та қауіпті күшейтті.

Абайлаңыз, смартфондар жарылып жатыр. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, қасымыздан бір сәт тастамайтын телефондарды да үлкен сақтықпен ұстаған жөн. Мамандар әсіресе тоққа қосулы тұрған гаджетке мүлдем жоламаған абзал дейді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Сонда онлайн оқумен бастарын смартфоннан ала алмай жүрген оқушылар қайтпек? Жалпы сіз бен біз нені білуіміз керек?

Жарылып жатқан смартфондар. Видеолардың нақты қашан және қай өңірде түсірілгендері белгісіз. Құдды бір экшн киноларының түсірілім алаңы ма дерсің. Бірақ шын өмірде де мұндай жайттар жетеді екен. Смартфоны жарылып, өмірден кетті, телефоны тоқ ұрып, денесі күйіп кетті. Осы сарындағы ақпараттар желіде желдей есіп жатыр. Соңғысы күні кеше ғана Алматы облысында болды.

Ақылжан Өмірбаев, қайтыс болған қыздың әкесі:

Кешкі асын ішіп, өзінің бөлмесінде телефонмен жатқан. Телефонмен сыныптасы ма біреу хабарласқан кезде сөйтіп жатып, зарядное устройвасы арқылы қатты тоқ кетіп, телефоны балқып, бетіне тоқ ұрып, миына, жүрегіне барып, сол жерде бірден қайтыс болып кеткен.

Ерке қызы Ақеркенің енді өмірде жоқ екеніні әкесі әлі де сене алар емес. Қатарластарының алды, оқуда озат оқушы болашақта дәрігер болуды армандапты.

Асылхан Мәкенова, Қарғалы ауылындағы Социалистік еңбек ері Құдыс Әбсеметов атындағы орта мектеп директоры:

Ақерке өте жақсы қыз, сабақты жақсы оқыған. Мектептің қоғамдық өміріне белсене араласқан қыз болған. ауыр жағдай енді. Сондай адамымыздан айырылып қалдық. Осындай жағдайлар қайталанбаса екен деп тілейміз.

Ақеркенің смартфоны сапасыз зарядканың кесірінен жарылған деген болжам бар. Оған қоса, оқыс жайт болған уақытта гаджеті тоққа қосулы болыпты. Мамандардың сөзінше, телефондардың жарылуына алып келетін бірден-бір фактор осы.

Гүлнұр Бердібаева, ұялы телефондарды сату дүкенінің менеджері:

Телефонға батареяда өте қиын болады. Өйткені ол зарядкада тұрғанда оған энергия барып тұрады. Сіз қолданғанда телефонды мысалы ауыр программаны қолданғанда приложение, интернетте отырғанда ол постоянно энергия барып тұрады.

Тағы бір себеп:

Берік Асқаров, ұялы телефондарды сату дүкенінің менеджері:

Көбінесе ол электричествоның перепадтарынан болады. Түнге қалдырып қояды телефонды зарядкаға. Ол мүлдем керек емес.

Оған қоса смартфонның бағасы да, маркасы да маңызды емес. Жоғарыдағы талаптар сақталмаған жағдайда, телефонның жарылмасына кепіл жоқ. Қазіргі онлайн сабақ та қауіпті күшейтті. Қаласаң да, қаламасаң да, оқушылар күні бойы телефонда отыр. Осы ретте, мамандар ата-аналарға келесідей кеңес береді. Бала гаджетін тоққа қосып пайдаланбау керектігі өз алдына, смартфоны қызып, ыстық болып қалған жағдайда, оны тез арада өшіріп тастау қажеттігін айтады. Өйтпегенде, не боларын ойлаудың өзі қорқынышты.

Ақылжан Өмірбаев, қайтыс болған қыздың әкесі:

Өзім ондайға сенбеуші едім. Телефон арқылы осылай көз жұмуға болады деп. Бірақ енді өзімнің көзім жетіп, осындай енді...

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: