Жаңалықтар тізбегі
0

Электронды "өтірік темекінің" үлкен зияны ашылды

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 14:54 liter.kz
Қараша айының үшінші бейсенбісі – халықаралық темекі шегуден бас тарту күні.

Қазіргі жұрт электронды темекінің түтінін будақтатып отыратын болды. Ал оның зияны ұшан-теңіз екенінен бейхабар. Мамандар қыздырылатын табак қарапайым темекіден де қауіпті деген пікір айтты. Ал, билік электронды құрылғыларды табак өнімдерінің қатарына жатқызып, ғимараттардың ішінде пайдалануға тыйым салды. Бірақ, оған құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Тіпті, кейбір темекі тұтынушылары бұл өнім адам денсаулығына пайдалы деген болжам айтып жүр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ол "сәнге" айналды. Біреулер ермек үшін қолданса, өзгесі кәдімгі шылымды тастауға көмектеседі деген оймен пайдаланып жүр. Сыртты былай қойғанда, оны ғимараттың ішінде, үйде шегетіндер көп.
– Электронды темекінің негізгі бөлігі ол – никотин. Улы зат адам ағзасына бірінші тартқаннан ақ кіріп, қанға өтеді. Психологиялық тәуелділік туындайды. Адам оны шекпесе ашуланшақ болады. Жүрек-қан тамырларына әсер етеді. Сондай-ақ, өкпе мен бүйрекке зиян тигізеді. Ұзақ уақыт бұл құрылғыны пайдалану қатерлі ісікке әкелуі мүмкін, – дейді патологиялық ауытқу бойынша маман Иван Подскребкин.

Сондай-ақ, мамандар электронды темекі дәстүрлі темекіден зиянырақ деген пайым айтты. Себебі, қыздырылатын табактың құрамында химиялық заттар көптеп кезедесетін көрінеді. Ал, стиктердің фильтріндегі күйік қалдықтарынан бауырға зиянды қосылыстар бөлінеді екен. Темекіні тастауға бекінген қолданушылар электронды құрылғыға одан әрі әуестеніп кетеді.

Иван Подскребкин:

Электронды темекі қолданушыларының арасында құрылғы қарапайым темекіден пайдалы деген қате түсінік қалыптасқан. Адамдар зияны жоқ деген оймен оны жиі пайдаланады. Мен бұл пікірмен келіспеймін. Онымен қоса құрылғының маркетинг саласы жақсы жолға қойылған. Сатушылар тұтынушыларды сендіре біледі. Маман ретінде айтатыным, электронды темекінің зардабы дәстүрлі темекіден асып түспесе кем емес.

Онымен қоса, Вейп аталып кеткен бу шығаратын өнімдердің де зияны ұшан теңіз екен. Құрылғының құрамында резина өндіруге арналған токсинді формальдегид атты химиялық заттар бар. Бұл қосылыстар адам ағзасына түскеннен кейін, бауырда жиналады. Ал, стиктердегі хош иістер шылым шеккеннің ғана емес, жанындағы адамдардың да ағзасында аллергия тудыруы мүмкін.

Қараша айының үшінші бейсенбісі – халықаралық темекі шегуден бас тарту күні. Айтулы дата 1977 жылдан бері аталып келе жатыр екен. Оның мақсаты - темекіге тәуелділіктің таралуын азайтып, табакқа қарсы күреске халықтың барлық топтарын тартуға ықпал ету. Ал, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер шарында 1 млрд-тан астам адам шылым шегеді. Темекі тұтынушылар жылына 5,7 млрд дана табак өнімдерін пайдаланып, 1 млн тонна тұқыл тастайтын көрінеді. Ал, қоғам белсенділері электронды темекілердің адам ағзасын тигізетін кері әсері әлі толық зерттелмегенін айтады.

Азаматхан Әміртай, қоғам белсендісі:

Бұл электрондық темекілердің енді жаңа шыққан технология қаншалықты адамдардың денсаулығына зиян? Бұл әлі толыққанды зерттелген жоқ әлі күнге дейін. Сондықтан, бұл мәселеге біздің Денсаулық сақтау министрлігі бұған бей-жай қарамау керек. Оның үстіне бұл – табак. Ол – үлкен саясат. Екіншіден, бұл үлкен саясат. Әлемде халықтың саны көбейіп жатыр, халықтың санын азаю үшін жаңа технологиялар, осыларды ойлап тауып жатыр.

Бірақ, қазір коронавирус инфекциясы "шылым шегетіндердің арасында тез тарайды" деген ақпардан соң, жаман әдеттен құтылғысы келетіндердің қатары артыпты. Мамандардан кеңесіне қыз-келіншектер көптеп жүгініп жатыр екен. Ал, дәрігерлер темекіні қойып, салауатты өмір салтын бастағысы келетіндерге алдымен күнделікті тартып жүрген шылым санын біртіндеп қысқарту, ақырындап арылуға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: