Жаңалықтар тізбегі
0

Желінің істен шығуына байланысты Facebook мәлімдеме жасады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2021 16:02 pixabay.com
Facebook, Instagram, WhatsApp және басқа да бірқатар қосымшалар дүйсенбіде жеті сағатқа жуық қолжетімсіз болды.

Facebook компаниясының мәлімдеуінше, дүйсенбіде желі жұмысындағы үлкен сәтсіздік салдарынан оның қолданушыларының жеке деректері қолды болды деп айтуға еш негіз жоқ, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған дейін Privacy Affairs интернет-басылымы әлеуметтік желілердің жұмысындағы сәтсіздік туралы хабарлап, Facebook-тің 1,5 миллиард қолданушыларының деректері DarkNet-те сатылымға қойылғанын хабарлаған болатын. Расталмаған мәліметтер бойынша, бұл әлеуметтік желі қолданушыларының аты-жөні, физикалық және электрондық пошта мекенжайлары мен телефон нөмірлері болуы ықтимал.

Ақау кезінде желі қолданушыларының мәліметтері қолды болды деуге ешқандай дәлел жоқ, - делінген Facebook хабарламасында.

Facebook, Instagram, WhatsApp және басқа да бірқатар қосымшалар дүйсенбіде жеті сағатқа жуық қолжетімсіз болды.

Facebook-тің негізін қалаушы және басшысы Марк Цукерберг Facebook, Instagram және WhatsApp мессенджері интернет-платформалары жұмысындағы сәтсіздік үшін кешірім сұрады.

WhatsApp, Instagram және Facebook мессенджерлері бүкіл әлемде жұмысын тоқтатты. Қазақстандық қолданушылар да әлеуметтік желілерге қосыла алмағанына шағымданды. Downdetector веб-сайтындағы дерекке сәйкес, Ресей, Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Эстония, Латвия және басқа елдердің қолданушылары да осындай проблеманы бастан кешкен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: