Instagram-да ақау туралы хабарлайтын функция пайда болады
Pixabay
Инновацияны тексеру бірнеше айға созылады деп күтілуде.
Instagram өз пайдаланушыларына техникалық ақаулар туралы қосымшаның ішінде тікелей хабарлама жібере алатын болады, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Біз сіздерге техникалық ақаулар болған кезде, сондай-ақ олар жойылған кезде сол туралы хабар беретін жаңа функцияны сынақтан өткізбекпіз, делінген әлеуметтік желінің баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі көптеген пайдаланушылар байқайтын ауқымды проблемалар туындаған жағдайда ғана хабарлама жібереді. Инновацияны тексеру бірнеше айға созылады деп күтілуде.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript