Смартфондағы калория есептейтін калькулятор да деректерді ұрлай алады – сарапшы
Сурет: pixabay
Қауіпсіздік маманы Татьяна Лынованың айтуынша, ұялы байланыс операторларының ақпаратынан гөрі телефонда сақталған деректерді қорғау оңайырақ, деп хабарлайды Zakon.kz
Angara Security жедел мониторинг тобының талдаушысы Татьяна Лынова «Прайм» агенттігіне телефонда жасырын зиян бағдарламаның болуы хабарламалардың, фотосуреттердің, байланыс нөмірлердің, хат-хабарлардың және банк деректерінің ұрлануына әкелуі мүмкін екенін айтты.
Сарапшының сөзінше, зиян бағдарлама көбіне телефонның әртүрлі функциясы мен файлдарына қол жеткізіп, оларды басқаруы үшін негізсіз рұқсаттарды сұрайды. Бұл кез келген қолданба болуы мүмкін. Тіпті смартфондағы қол шам, фоторедактор немесе калорияны есептейтін қолданба.
Сарапшы зиян бағдарламалар мен қауіпті болуы мүмкін вирустардан аулақ болу үшін, құнды ақпаратқа сақ болып, ресми қолданбаларды ғана пайдалануға кеңес берді.
Кез келген адамға мобильді антивирус құралдарын пайдалану ұсынылады. Мұндай қолданбалар жасырын зиян әрекетті дер кезінде анықтау және орнатылған операциялық жүйенің нұсқасын жаңарту үшін керек.Татьяна Лынова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript