Отандық сегментке DDoS-шабуыл жасалды
Қазір мынандай жаңалықтар сайттарында қолжетімділік жағынан проблемалар байқалады: toppress.kz, newtimes.kz, sn.kz.
Мемлекеттік техникалық қызмет байланыс операторларымен бірлесіп маршруттарды оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатыр, бұл кейбір сайттарда сырттан кірушілер қарқынының төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін.
МТҚ DDoS шабуылдары бірнеше шетелдік нүктеден жүзеге асырылғанын анықтады. Шабуылдар басқа аймақтарда да тіркелген. Мамандар бұл шабуылдардың өзара байланысы бар-жоғын анықтап жатыр.
Бұған дейін Қазақтелеком 24 қыркүйекте отандық БАҚ-тарға жаппай шабуыл жасалғанын растаған еді. Компания мамандары маршруттарды қалпына келтіру және оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл интернет жылдамдығының ішінара төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін екені ескертілді.