YouTube ар-намысқа тиетін пікір қалдырушы авторларды жазалайтын болды

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 01:41 Сурет: pixabay
Google компаниясы ар-намысқа тиетін хабарлама авторларын платформа жазалауы үшін YouTube-тегі пікір қалдыру ережелерін жаңартты. Бұл ретте компания ескертуші және бұғаттаушы жүйені жасап шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gizmodo басылымының мәліметінше, егер пайдаланушының хабарламасы видеохостинг қауымдастығының принциптеріне сәйкес келмесе, YouTube алдымен ескерту жасайды, содан кейін осы пікірдің авторын 24 сағатқа бұғаттайды. Бұл жүйе тек ағылшын тілінде қалдырылған пікірлерге қатысты алғаш рет қолданылып отырғандығы нақтыланған.

"Біз баршаны пікірлері арқылы қауымдастыққа теріс ықпал етуге тырысатын пайдаланушылардан қорғағымыз келеді", делінген YouTube мәлімдемесінде.


Сонымен қатар, хостинг арбитраж жүйесін енгізеді, оның көмегімен бұғатталған авторлар модераторлардың шешіміне қарсы дау айта алады.

YouTube-тегі жаңа ережелер 14 желтоқсанда өз күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: