Ақтөбеде бұрынғы сүйіктісіне ар-намысына тиетін сөздер жазылған хабарлама жіберген ер адам сотталды

Ақтөбе, балағат сөз, сот, әлеуметтік желі, мессенджер, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2023 12:30 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе соты бұрынғы сүйіктісі мен оның анасына мессенджерде ар-намысқа тиетін сөздер жазған жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қыздың анасы арызданған. Кейін анықталғандай, жас жігіт қыздың жүкті екенін білген соң оны тастап кеткен. Бойжеткен баланы дүниеге әкелуді ұйғарғанда, жігіт қыз бен оның анасына ар-намысқа тиетін сөздер жазылған хабарламалар жібере бастаған, деп жазды "Диапазон".

Сотта жігіт кінәсін мойындамады. Ол жәбірленушілерге тіл тигізгенін жоққа шығарған. Арызданушы балағат сөздер болғанын, жігіт баладан құтылуын талап еткенін алға тартты. Бұған қоса жігіттің үйлі-баранды екені анықталды.

Моральдық өтем ретінде жәбірленушілер сотталушыдан бір миллион теңге талап етті.

Сот ер адамды ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, балағат сөздер айтқаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім бойынша ол 50 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Сондай-ақ моральдық шығын ретінде жәбірленушілерге 400 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: