Қазақстандық әскерилер Түркияның ұшқышсыз ұшағын сынақтан өткізіп жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Қазақстанда әскерилер түріктің Anka ұшқышсыз ұшағын сынап көріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қорғаныс министрлігінің "Сарбаз" басылымының жазуынша, сынақтан сәтті өткен жағдайда Anka пилотсыз ұшу аппараты кешені Қазақстан армиясына қабылданады..
"Тесттік ұшулар – қабылдау кезеңінің бір бөлігі. Негізгі міндет – кешеннің, жабдықтың және қосалқы жүйелердің жарамдылығын тексеру. Тәжірибелі әскери кешенді пайдалану 2023 жылдың тамыз айына жоспарланып, 2024 жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады", – деп түсіндірді ҰҰА жауынгерлік даярлау және қолдану оқу орталығының бастығы полковник Шоқан Мұсабеков.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript