Түркияның Измир қаласында орман өртеніп жатыр

Түркияның Измир қаласында орман өртеніп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2024 20:16 Сурет: wikimedia/Ken Kistler
16 тамызда түріктің Измир қаласында орман өртеніп, қызыл жалын сол маңдағы ауруханаға лезде жеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияның батысында алапат өрт бұрқ етті. Түріктің NTV телеарнасы хабарлағандай, Каршияк аймағы жарықсыз қалған.

Өрттің салдарынан қаланы қалың түтін басты.

"Өрт қалалық ауруханаға да жетіп алды", - деп хабарлайды телеарна.

Өрт қатты желдің әсерінен тез тарауда. Оны сөндіру үшін екі ұшақ; бес тікұшақ; жер үсті техникасының көп мөлшері тартылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: