Қазақстанның бес өңірінде орман өртеніп жатыр

Лесной пожар, лесные пожары, пожар в лесу, горящий лес, природный пожар, возгорание в лесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2026 09:16 Фото: akorda.kz
13 қыркүйекте Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында бір-бір өрт ошағы анықталды. Тағы бір өрт "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында шықты.

Өрт ошақтарын мемлекеттік орман күзетінің мамандары мен "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің әуе патрулі анықтады. Өрт болған жерлерге қажетті күштер мен техника жедел жіберілді.

Тілсіз жауды сөндіруге орман шаруашылықтарының қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, тікұшақтар және "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің авиациялық десанты жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт ошақтарын оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін Қарағандыда ірі өрт болғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: