Алматыда жасанды интеллект некелесу рәсімін өткізді
Сурет: pixabay
Қарқынды дамып келе жатқан технологиялар адам өмірін өзгертіп жатыр. Мәселен, тойын ерекше етіп өткізуді қалаған алматылық жас жұбайлар некелесу рәсімінде жасанды интеллект қолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айбол Қалыбаев пен оның жұбайы Алина Instagram парақшасында үйлену тойындағы әдеттен тыс некелесу рәсімінің видеосын жариялады.
"Маркетолог болғандықтан, біз үйлену тойымызда ерекше бір нәрсе ойлап тапқымыз келді әрі нейрожелінің артықшылықтарын пайдаланбау біртүрлі болар еді.Сондықтан әлемде бірінші рет (тексердік) неке қию рәсімін ЖИ жасады", – делінген видеоның жазбасында.
(Үздік коллаборация: қазақ тойы мен жасанды интеллект", – деп жазыпты жас жұбайлар.
- Қызық, ерекше екен.
- Фантастика! Сендер шынымен керемет екенсіңдер.
- Құттықтаймыз. Күтпеген жайт, тамада мамандығынақауіп төніп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript