Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық жас ғалым ойлап тапқан құрылғыға қызығушылық танытқан шетелдік компания грант бөлді

Брайль, өнертабыс, Әділ Жүсіпов, АҚШ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 17:21 Сурет: Zakon.kz
АҚШ-та білімін жетілдіріп жүрген қазақстандық өнертапқыш зағиптарға арналған брайль мобильді құрылғы жасап шықты. Cу жаңа құрылғы көзі көрмейтін азаматтардың сауатын арттырып, электронды мәтіндерді оқып, телефонмен мәтін теруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Калифорния штатындағы Стэнфорд университетінің магистратурасын таяуда тәмамдаған Әділ Жүсіпов жасап шыққан құрылғы көзі әлсіз көретін және зағип жандар үшін таптырмас дүние. Өнертапқыш отандасымыздың бұл құрылғысы бұған дейінгі брайль тақталарына қарағанда әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді. Өнертапқышқа бұл идея "Астана хаб" технопаркінде жұмыс істеп жүрген кезінде келген. Елдегі зағип жандардың мәселесін зерделей келе жаһандық құрылғыларды сатып алуға әрбір мұқтаж азаматтың қалтасы көтермейтініне көзі жеткен ол, АҚШ-тың білікті мамандарымен тәжірибе алмасып, құрылғының жаңа түрін ойлап табуға бел буған. Ал оның бағасы нарықта небәрі 200 доллар айналасында болмақ.  Қазіргі кезде АҚШ-тың BemyEyes компаниясы өнертапқыштың жаңа құрылғысына қызығушылық білдіріп, грант бөлген", деп хабарлайды 24kz.  

"Нарықтағы осындай дисплейлердің көлемі өте үлкен. Қолға ұстағанға ыңғайсыз және оның бағасы да 2 мың доллар шамасында. Мен оны барынша ыңғайлы, қалтаға сыйымды етіп жасадым. Құрылғы қалта телефонына магнит арқылы оңай жабысады, қолданушы оның көмегімен электронды мәтіндерді оқып, өңдеп, өзіне қажетті құжаттарды толтырып, күнделікті әлеуметтік желілерден келетін хабарламаларға жауап бере алады". Әділ Жүсіпов, Стэнфорд Университетінің түлегі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: