Қытай жұмысшылары бір түнде 8 мың тонна асфальт төседі

Қытай жұмысшылары бір түнде 8 мың тонна асфальт төседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 12:53 Сурет: Х/SpoxCHN_MaoNing
Бейжіңде бір түннің ішінде сегіз мың тонна асфальт төселіп, 2,4 шақырымдық айналма жол небәрі алты сағатта толық жаңартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш жетістікті Қытай СІМ ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді. Ол өз парақшасына "Қытай жылдамдығы" атты бейнеролик жариялап, Бейжіңнің төртінші айналма автожолын қайта құру және экологиялық жағдайды жақсарту жобасы аясында қол жеткізілген ерекше нәтижелерді көрсетті.

Белгілі болғандай, жол қызметі түн ортасынан кейін жұмысты бастап, шамамен алты сағаттан соң аяқтаған. Процеске көп мөлшерде техника жұмылдырылған:

  • асфальттөсегіш;
  • катоктар;
  • жүк көліктері;
  • ескі жабындыны қырып алуға арналған арнайы машиналар.

Алдын ала дұрыс ұйымдастырылған логистика асфальттың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етіп, жұмыстың қажетті қарқынмен жүруіне мүмкіндік берген.

"Бұл тек инфрақұрылымды физикалық жаңарту ғана емес, сонымен қатар мегаполисті басқарудағы жүйелі тиімділікті, үйлесімді ұйымдастыруды және технологиялық инновацияларды жедел енгізу мүмкіндігін айқын көрсетеді", – деп жазды таңданған желі қолданушылары.

Бұған дейін Қытайда жол қозғалысын реттеуші полицейдің орнын роботтар басуда екенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: