АҚШ-та алғашқы гибридті ұшақ жасалды

АҚШ-та алғашқы гибридті ұшақ жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2026 11:53 Сурет: RTX
Америкалық RTX корпорациясы гибридті-электрлік авиациялық қозғалтқыш жүйесін әзірлеуде айтарлықтай жетістікке жетті. Инженерлер алғаш рет қозғалтқыш пен аккумуляторлық жүйені толық қуатта сәтті іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Naked Science басылымының жазуынша, Hybrid-Electric Flight Demonstrator деп аталатын демонстрациялық жоба қазіргі аймақтық ұшақтармен салыстырғанда отын тиімділігін шамамен 30%-ға арттыруға мүмкіндік береді.

Электрлік авиациялық жүйелердің бірқатар артықшылықтары бар. Атап айтқанда:

  • айналу сәтінің жоғары болуы,
  • тиімділіктің жоғары деңгейі,
  • зиянды шығарындылардың болмауы.

Алайда мұндай жүйелердің бір маңызды шектеуі бар – олардың энергетикалық тығыздығы дәстүрлі іштен жану қозғалтқыштарына қарағанда әлдеқайда төмен.

Сол себепті толық электрлі қозғалтқыштар әзірге алыс қашықтыққа ұшатын ұшақтар үшін тым ауыр болып саналады. Сондықтан RTX секілді компаниялар аймақтық авиацияны дамытуға басымдық беріп отыр, өйткені мұнда қашықтық қысқа әрі жаңа технологияларды енгізу оңайырақ.

RTX мамандарының айтуынша, дәстүрлі авиациялық қозғалтқыштар отын энергиясының небәрі 30–40%-ын ғана пайдалы жұмысқа айналдырады, ал қалған бөлігі жылу мен үйкеліс түрінде жоғалады. Ал электрлік жүйелердің тиімділігі 90%-дан жоғары болуы мүмкін.

Бұл гибридті қозғалтқыш жүйесі алдағы ұшу сынақтарын өткізу үшін De Havilland Canada Dash 8‑100 ұшағының жаңартылған нұсқасына орнатылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: