WhatsApp-та жаңа маңызды функция пайда болады

Социальные сети, ватсап, WhatsApp, социальная сеть, приложение, приложения, телефон, мобильный интернет, соцсеть, соцсети, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 15:52 Фото: unsplash
Танымал WhatsApp мессенджері "Чаттың кеңейтілген құпиялылығы" мүмкіндігіне негізделген "Шектеулі чат" деп аталатын жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа функция пайдаланушы таңдаған нақты чатқа тек негізгі мобильді құрылғы арқылы кіруге мүмкіндік береді. Бұл опция іске қосылғаннан кейін "шектеулі чат" тек негізгі телефонда қолжетімді болады.

Яғни WhatsApp шектеу қойылған чаттарды басқа қосылған құрылғылармен синхрондамайды. Олар WhatsApp Web нұсқасында немесе өзге мобильді құрылғыларда көрсетілмейді. Пайдаланушы есептік жазбасын қосымша құрылғыға қосқан күннің өзінде шектеулі чатқа кіре алмайды. Чат тек негізгі мобильді құрылғыда сақталады, деп жазды Wabetainfo.

Бұл функцияны қолдану міндетті болмайды. Пайдаланушы қандай чаттарға шектеу қою керектігін өзі таңдай алады.

Әзірге аталған функция Android құрылғыларына арналған қосымшада әзірленіп жатыр.

Бұған дейін, 7 қыркүйекте WhatsApp-та пайдаланушыларға чаттар мен топтарда үштен көп хабарламаны бекітуге мүмкіндік беретін функция енгізілетіні хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: