Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан әуе компаниялары биыл рекорд орнатты

Қазақстан әуе компаниялары биыл рекорд орнатты Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық әуе компаниялары жаңа рекорд орнатты. Әуе тасымалдар халық арасында көліктің неғұрлым танымал түріне айналып жатыр. Жолаушылар тасымалының 23%-ға ұлғаюы – мұның бірден бір дәлелі.

Көлік министрлігі авиация саласындағы биылғы жетістікер туралы айтты. 

  • Биыл қазақстандық авиакомпаниялар рекорд көрсеткішке қол жеткізіп, тасымалданған жолаушылар саны 13 млн-ға жетті.
  • Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелерінің паркі 89-дан 99 бірлікке дейін, ал кресло-орындардың сыйымдылығы 12-ден 15 мыңға дейін ұлғайды.
  • Жеке инвестициялар есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалының құрылысы салынып жатыр. Аталған нысандар келесі жылдың наурыз, мамыр және маусым айларында аяқталады деп жоспарланып отыр.
  • Барлық өңірді қолжетімді авиатасымалдармен қамту мақсатында 23 ішкі әлеуметтік маңызы бар және туристік бағыт субсидияланды.

Жыл соңына дейін қазақстандық әуежайлар 25 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 22% артық. Ішкі тасымалдау көлемі толығымен қалпына келді және аптасына 50 бағыт бойынша 640 рейс болды. 28 елмен халықаралық әуе қатынасы жолға қойылған. Биыл 23 бағыт бойынша 13 елге жаңа рейстер жаңартылып, ашылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: