Ақтөбе әуежайы таңға дейін жабық болады
Ақтөбедегі Әлия Молдағұлова әуежайының кестесіне сәйкес, бүгін, 7 ақпанда 10 рейсті қабылдау жоспарланған. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер тоқтап, кейбірі кешігіп жатыр.
Тоқтатылған рейстер:
Qazaq Air Iq399 / 395 Астана-Ақтөбе-Атырау; SCAT DV727 / 728 Астана-Ақтөбе-Астана; Qazaq Air Iq396 / 400 Атырау-Ақтөбе-Астана.
Кешіктіріліп жатқан рейстер:
FlyArystan КС7191 / 7192 Алматы-Ақтөбе-Алматы; Scat Dv11 / 712 Алматы-Ақтөбе-Алматы; FlyArystan КС7391 / 7392 Астана-Ақтөбе-Астана; SCAT Dv721 / 722 Астана-Ақтөбе-Астана; FlyArystan КС7778 / 7777 Ақтау-Ақтөбе-Ақтау.
Ақтөбе әкімдігінің хабарлауынша, бұған әуежайдың ұшу-қону алаңында метеорологиялық жағдайдың күрделілігі себеп болып отыр.
"Ақтөбе әуежайының баспасөз қызметі жолаушылардан өзекті ақпараттарды әуежайдың анықтама қызметінен немесе әуе компанияларының Сall-орталықтарынан нақтылауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Сall-орталық қызметкерлері жолаушылардан түскен барлық хабарламаны жедел талдап, рейстердің кешігуі бойынша кеңес береді.