Туристік маусымның басталғаны күні кеше, ал билеттер таусылды: Қарабаев шағымдарға жауап берді
Сурет: primeminister.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев 2024 жылғы 29 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің кулуарларында қазақстандықтардың танымал туристік бағыттарға билеттердің жетіспейтіндігі туралы шағымдарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер атап өткендей, қазақстандықтар әлеуметтік желілерде туристік маусым әлі басталмағанымен, танымал бағыттарға пойыз билеттерінің ендігі жоқ екенін айтып шағымдануда. Олар алып-сатарлармен мәселе қашан шешілетінін және Алакөл мен Балқашқа билеттер бар-жоғын сұрады.
"Алакөл бойынша қосымша пойыздар іске қосылады. 12 пойыз, оның үшеуі кондиционермен жабдықталған тальго. Балқаш бойынша бізде Астана мен Алматыдан арзандатылған әуе рейсі іске қосылады. Ол субсидияланатын болады", - деді Марат Қарабаев.
Көлік министрлігінің басшысы жолаушылар вагондарын қосымша сатып алу жүріп жатқанын да атап өтті. Мәселен, өткен жылы барлығы 118 вагон сатып алынған болса, биылға 140 бірлік сатып алу жоспарлануда. Ал 2025 жылға 260 бірлік сатып алмақ.
"Алакөл мен Балқашқа қосымша пойыздар іске қосылады, билеттерді сату жақын арада басталады", – деп түйіндеді Марат Қарабаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript