Океанолог ғалым жуырда адамдардың жағажайда шомылудан түбегейлі бас тартатынын болжап отыр

Океанолог ғалым жуырда адамдардың жағажайда шомылудан түбегейлі бас тартатынын болжап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 10:37 Сурет: pexels
Ширшов атындағы океанология институтының жағалаудағы түпкі қауымдастықтар экологиясы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Филипп Сапожников климаттың өзгеруі теңіз жағажайларын қауіпті етіп бара жатқанын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости басылымы жазды.

"Біз біртіндеп сондай жағдайға жетіп келеміз: жақын арада, мейлі ол Мысыр болсын, Анапа, Геленджик немесе басқа да кез келген курортты аймақ болсын – адамдар үшін қонақүй аумағындағы бассейнде шомылған тиімдірек, тыныш әрі денсаулыққа пайдалырақ болады", – деді Сапожников сұхбатында.

Оның айтуынша, курорттық аймақтарда акулалар мен улы медузалардың жиі пайда болуына байланысты, қазір бассейнде шомылу туристер үшін әлдеқайда қауіпсіз.

Бұған дейін Аланья жағалауындағы акула туристерді әбден әбігерге салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: