Ғалым Қазақстанда биыл су тасқыны неге ерекше болғанын түсіндірді
Сурет: primeminister.kz
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте "География және су қауіпсіздігі институты" АҚ, Табиғи қауіптер зертханасының бас ғылыми қызметкері Николай Попов биылғы су тасқынына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғалымның айтуынша, су тасқынының күшіне жауған қардың мөлшері де әсер етеді. Биыл Қазақстанның солтүстік бөліктерінде қар шамадан бірнеше есе артық түсті.
"Осыған қарағанда, су тасқыны, ең алдымен, көктем келіп, қардың қарқынды еруімен байланысты болып отыр. Тағы бір маңызды мәселе: атмосфералық жауын-шашынның түсуі мен топырақтың алдын ала ылғалдануы бір уақытта орын алды. Әсіресе, аяз болған жерлерде топырақ қатып қалса, еріген қар суы өзендерге тез құйыла бастайтын қабат қалыптасады. Нәтижесінде су тасқынының толқыны пайда болады. Қазіргі уақытта мұндай толқын Есілде жүріп жатқанын көріп отырмыз", - деді ол.
Дәл осындай толқын Жайық өзенімен де қозғалып келеді. Ол негізінен Ресей аумағында еріген қар суынан тұрады.
"Су тасқыны - бұл табиғи феномен. Бұл салыстырмалы түрде сирек кездесетін құбылыс. Шынында да, соңғы 80 жылда мұндай жағдай болмаған. Гидрологтар қайталану және қамтамасыздық деп жатыр. Пайызбен айтқанда бұл, жүз жылда, елу жылда бір рет болуы мүмкін су тасқыны. Барлық су тасқыны ескерілген. Бірақ оның қашан болатынын алдын ала болжау өте қиын, өйткені тек ағымдағы күннен басқа болжамдар қажет. Бұл бір ғана жағдай емес. Солтүстік Еуразияны түгел су басып жатыр. Ресейде көптеген қиындықтар болып жатыр, қалалар су астында қалды. Бізде де осындай жағдай орын алуда. Бұл ретте Үкіметтің адамдарға қолдау көрсетіп, барлық күш-жігері мен құралдарын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттағаны қуантады", - деп сөзін түйіндеді ғалым.
Айта кетсек, БҚО келе жатқан үлкен суға қарсы тұрудың дайындығы үстінде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript