Қазақстандағы су тасқыны: министр Нұржігітов отставкаға кете ме
Су шаруашылығы министрлігінің басшысы бұған дейін де президенттен қатаң сөгіс алғанын, сондықтан қазір жергілікті атқарушы органдармен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, су тасқынын жою бойынша алдын алу шараларын қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.
"Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша шаралар қабылданады, су тасқынының алдын алу бойынша іс-шараларымыздың қорытындысы бойынша шешім қабылданады", - деді Нұржан Нұржігітов.
Министрдің айтуынша, су қоймаларын босату жұмыстары наурыз айында басталған. Наурыз айы ішінде бұл су қоймаларында шамамен 3 текше шақырым су жиналды.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны аймағында бес облыс қалғанын, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталып отырғанын хабарлаған болатын. Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов те су тасқынының шарықтау шегі әлі өтпегенін айтты. Осыған байланысты ол министрлер мен әкімдерге солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі су тасқынының жаңа кезеңіне дайын болуды тапсырды.