Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда су тасқыны: 10 аймаққа қауіп төніп тұр

Қазақстанда су тасқыны: 10 аймаққа қауіп төніп тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2024 16:17 Сурет: ҚР ТЖМ
"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров 14 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны болуы мүмкін 10 өңірді атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Серік Саиров "Қазгидромет" мамандарының болжамынша, наурыз айының соңына дейін температура фонының жоғарылауы күтілетінін, бұл қардың қарқынды еруіне және су басу қаупіне әкелетінін айтты.


"Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарға, атап айтқанда, Жайық өзені мен оның салалары мен Тобыл бассейндеріне ерекше назар аудару қажет. Қазір Орынбор және Челябі облыстарында, сондай-ақ Башқұртстан Республикасында, Рогидрометтің мәліметінше, жиналған қар көлеміне байланысты қолайсыз су тасқыны жағдайы қалыптасты", - деп қосты "Қазгидромет" РМК өкілі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тәуекел деңгейі жоғары өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу облыстары.

"Тәуекел деңгейі орташа: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Ұлытау облыстары. Төмен тәуекелдер: Маңғыстау облысы. Гидрологиялық мониторинг 377 гидрологиялық бекетте жүргізілуде, өзендердегі су деңгейінің күрт және қауіпті ауытқуы кезінде бақылаулар жүргізіледі", - деді Саиров.

2024 жылғы 4 наурызда "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) 2024 жылға арналған су тасқынының негізгі болжамын жариялады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: