Аланья жағалауындағы акула туристерді әбігерге салды

Аланья жағалауындағы акула туристерді әбігерге салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 13:23 Сурет: pixabay
Түркияда демалып жүрген ресейлік турист Аланья жағажайларының бірінде демалушыларға тым жақын келген акуланы видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 маусымда желіде тараған бейне жағажайда түсірілген. Автор суда өткір жүзбе қанатты байқап, бірден жақын маңдағы құтқарушылар бекетіне жүгіріп барған.

SHOT басылымына берген сұхбатында видео авторы құтқарушы оның күдігін растағанын айтып берді. Құтқарушы егер акула кетпесе, оған гарпунмен баратындығын айтқан.

Сурет: SHOT

Кейінірек құтқарушы бұл жағдайды басшылыққа жеткізген. Алайда біраз уақыттан соң оралып, өз сөзінен бас тартқан: яғни ол қателескенін, ал видеодағы акула емес – балық екенін айтып, жағажайда болу қауіпсіз екенін мәлімдеген.

Дегенмен, бұл мәлімдемеге қарамастан, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде биылғы жазда Аланья жағалауында жыртқыш теңіз жануарларын бұрынғыға қарағанда жиі көріп жүргендерін жазуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: