АҚШ-та дауылдан кейін су басқан көшеде акула жүзіп жүрді
Сурет: wikipedia
АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Серф-Сити қаласының тұрғындары қатты дауылдан кейін су басқан көшеде жүзіп жүрген акуланы видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oxu.Az мәліметінше, видеоны түсірген ер адамның айтуынша, теңіз жануарын оның әйелі үйінің маңынан байқаған. Ерлі-зайыптылар кіреберістен қарап тұрып, акуланың үйлерінің жанынан жүзіп өтіп, автокөлік жолына бұрылғанын, кейін қайтадан су астына сүңгіп кеткенін көрген.
Бұл жағдай Нью-Джерси жағалауында су тасқынын тудырған қатты солтүстік-шығыс дауылы кезінде болған. Серф-Сити көшелерін су басқан.
Массачусетс теңіз балық шаруашылығы басқармасының ақ акулалар жөніндегі маманы Грег Скомал кейін ABC News-ке берген бағасында видеодағы акуланың тегіс сусар акуласы екенін айтты. Бұл осы суларда кең таралған шағын акула түрі және адамға қауіп төндірмейді.
Бұған дейін танымал курортта турист әйелдің акула шабуылынан ауыр жарақат алғаны хабарланған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript