Камчатка билігі туристерді құтқару жұмыстарын ақылы қылмақ
Сурет: Ресей ТЖМ
5 қазан күні Камчатка губернаторы Владимир Солодов туристерді құтқару үшін кеткен шығындарды олардың өздеріне төлету туралы жаңа заң енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Губернатордың айтуынша, егер туристік жорықты ұйымдастырушылар қауіпсіздік ережелерін бұзса, онда оларды құтқару операциясына кеткен барлық шығындарды өздері өтеуі керек. Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында бөлісті.
"Менің ойымша, ұйымдастырушылар қауіпсіздік ережелерін бұзған жағдайда, құтқару операциясынан кейін кеткен шығындарды өтеу туралы норманы федералдық заңнамаға енгізу қажеттігі туындап отыр. Бұл заң жобасын ТЖМ-мен келіскен соң, Мемлекеттік Думаға енгізуді жедел түрде дайындауды тапсырдым", – деді Камчатка губернаторы.
Бұған дейін СҚО-да қалың қамыс арасында қалып кеткен шопан дронның көмегімен табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript