Елімізде курортты өңірлерді дамытудың 2026-2029 жылдарға арналған жол картасы бекітілді

Каинды, озеро Каинды, туризм в Казахстане, туристы, туристические места в Казахстане, природа Казахстана, развитие туризма в Казахстане, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2026 22:19 Фото: pexels
Туризм және спорт министрлігі 2026-2029 жылдарға арналған курортты өңірлерді дамытудың Жол картасын іске асырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжат еліміз бойынша заманауи әрі қауіпсіз туристік кеңістіктер қалыптастыруға бағытталған.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Алматы облысы, Жетісу және Абай өңірлерін қоса алғанда, курортты өңірлерге жүргізілген инспекциялық сапар барысында жағажай аумақтарының қазіргі жай-күйіне бағалау жасалды. Нәтижесінде бірқатар өңірде абаттандыру жұмыстары қолға алынып, кейбір өңірде курорттарды заманауи стандарттарға сәйкестендіру үшін қосымша қолдау қажет екені анықталды.

"Жол картасы 114 іс-шараны қамтиды. Оны іске асыру жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылады",-делінген ақпаратта.

Жол картасы аясында курортты өңірлердің көлік қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады. Жазғы маусымда туристік бағыттар бойынша теміржол рейстерінің саны көбейтіліп, қосымша пойыздар іске қосылады және вагондар саны арттырылады. Сонымен қатар туристік өңірлерге, оның ішінде субсидияланатын бағыттар бойынша ішкі әуе рейстерінің географиясы кеңейтіледі. Бұл туристердің қозғалысын жеңілдетіп, курорттық аймақтардың халық үшін қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жол картасын іске асыру курортты өңірлердің жүйелі дамуын қамтамасыз етіп, туристік инфрақұрылым сапасын арттыруға және Қазақстанда ішкі әрі келу туризмін одан әрі дамытуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қызылордада қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: