Қазақстандықтарға тур сатып алар кезде қандай құжаттарды тексеру қажет екені ескертілді

Эмигрант, эмигранты, эмиграция, мигрант, мигранты, миграция, иммигранты, иммигрант, иммиграция, приезжий, приезжие, приезд, выезд, прибытие, вылет, переезд, прилет, аэропорт, люди в аэропорту, путешествие, репатриация, репатрианты, репатриант, кандас, кандасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2026 16:49 Фото: unsplash
ҚР Туризм және спорт министрлігі бүгін, 2026 жылғы 13 мамырда маңызды сұрақтардың біріне жауап берді - тур сатып алар кезде қандай құжаттарды тексеру қажет, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ведомство демалыс кезінде азаматтардың қауіпсіздігі туристік қызметті рәсімдеу барысында заң талаптарының сақталуына тікелей байланысты екенін атап өтті.

"Тур сатып алмас бұрын турагенттен турды сатудың заңдылығын және туристің құқықтық қорғалуын растайтын құжаттар пакетін сұратып, мұқият тексерген жөн. Ең алдымен, турагент қызметінің басталғаны туралы хабарламаның бар екеніне көз жеткізу қажет. Турагенттік компания мемлекеттік электронды тізілімге енгізілуі тиіс. Бұл оның ресми түрде қызмет көрсететінін растайды",- делінген ақпаратта.

Атап өтілгендей, туристік қызмет көрсету туралы шартқа қол қою — сапарды рәсімдеудегі негізгі кезеңдердің бірі.

"Құжатта баратын ел мен сапар мерзімі, турдың толық құны, төлем тәртібі, турдан бас тарту талаптары, тараптардың жауапкершілігі, сондай-ақ қаражатты қайтару шарттары нақты көрсетілуі қажет". Туризм және спорт министрлігі

Сондай-ақ, қаржылық құжаттарға ерекше назар аударған жөн екені айтылды.

"Төлем жасағаннан кейін міндетті түрде фискалдық чек талап етіңіз. Қаражатты менеджерлердің жеке шоттарына аудармаған дұрыс, себебі тек ресми төлем құжаты мәміленің жасалғанын дәлелдейді". Туризм және спорт министрлігі

Министрлік брондау расталып, тур толық төленгеннен кейін турагент туристке сапарға қажетті құжаттар пакетін ұсынуға міндетті екенін жеткізді.

"Оның құрамына қонақ үй, тамақтану және трансфер туралы мәліметтер көрсетілген ваучер, әуе билеттері немесе маршруттық түбіртектер, сақтандыру полисі және туристердің құқықтарын міндетті кепілдендіру жүйесі аясындағы қорғанысты растайтын туркод кіреді". Туризм және спорт министрлігі

Төтенше жағдай туындаған жағдайда туристерге Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің "Туристік Қамқор" жедел желісіне дереу хабарласу ұсынылады: +7 700 112 2 112

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: