Қазақстаннан Әзербайжанға қатынайтын тағы үш бағыт іске қосылды
Сурет: Zakon.kz
Azal әуе компаниясы Шымкент, Ақтөбе және Атыраудан Бакуге қатынайтын жаңа әуе рейстерін іске қосты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізуде.
"Ағымдағы жылдың 16 маусымынан бастап AZAL әуе компаниясы Шымкент – Баку бағыты бойынша аптасына үш рет жиілікпен жаңа тұрақты рейстерді орындауды бастады. Нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы рейстер саны аптасына 30-дан 33 рейске дейін ұлғайды. Сонымен қатар, әуе компаниясы Ақтөбе – Баку бағыты бойынша аптасына үш рет және Атырау – Баку бағыты бойынша аптасына төрт рет тұрақты рейстерді орындауды жоспарлауда", деп нақтылайды құзырлы ведомство.
Жаңа бағыттардың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал ететіндігіне сенім білдіріледі.
Бұған дейін Қазақстанда 11 жаңа халықаралық әуе бағыты ашылатыны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript