Үкімет тұрғын үйді жалға алғаны үшін берілетін төлемге қатысты қаулы қабылдады

Қаулы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2022 19:54 Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
ҚР Үкіметі ҚР ИИДМ-ге баспанаға аса мұқтаж азаматтарға жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлемдерді тағайындау және оны төлеу тәртібін айқындау бойынша өкілеттіктер беретін қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ИИДМ) азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін Қаулы қабылдады. ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі

Аталған қаулының қабылдануы ИИДМ-ге баспанаға аса мұқтаж азаматтарға қайталама тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітуге мүмкіндік беретіні баса айтылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: