ҚР СІМ Украинадан азаматтарды эвакуациялау мәселесін қарастырып жатыр

Ресей, Украина, ДХР, ЛХР, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 11:28 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ведомство өзін-өзі тәуелсіз деп жариялаған Донецк және Луганск халық республикаларындағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялау жолдарын қарастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Киевтегі елшілігіміз қазір толықтай жұмыс істеп тұр. Ол Украинадағы біздің азаматтармен байланыста. Әрине, оларды ықтимал эвакуациялау жолдары қарастырылып жатыр. Сондықтан қандай да бір соғыс қимылдары бола қалған жағдайда азаматтарымыздан Киевтегі елшілікке жедел хабарласуын сұраймыз.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Оның айтуынша, қазақстандық дипломаттар әлі де Украинада.

Біздің дипломаттар әлі де сонда. Бірақ, шынында да, бізде соғыс қимылдары болған жағдайда эвакуациялау жоспарлары бар.Мұхтар Тілеуберді
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: