Біз екі тарапты да қолдамаймыз – Қорғаныс министрлігі Украинадағы жағдай туралы

Украина, Қазақстан, ҚР Қорғаныс министрлігі, қару-жарақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2022 13:37 Сурет: facebook.president.gov.ua
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Украинадағы жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға еш қатысы жоқ. Біз екі тарапты да қолдамаймыз. Бұған қатысты ешқандай мәселе туындамауы керек.ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов

Сенат кулуарында журналистер қорғаныс вице-министрінен «Украинадағы жағдай Қазақстанда қайталанар болса, қазақстандық әскерилер оған дайын ба?» деп сұрады.

Әрине, бұл сұрақ барлығын мазалайды. Кешегі жиында министр сендіргендей, Қарулы күштер жүктелген міндеттерді орындауға дайын деген үміттеміз.Сұлтан Камалетдинов

Оның айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа қару-жарақ жүйелерін алу қарастырылған. Әскери техника күштері мен әуе қорғанысына броньды техника, зымырандық-артиллериялық қару-жарақ сатып алынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: