Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда тағы бір қант зауыты салынады

қант, қант зауыты, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, қант зауыты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2022 12:56 Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант өндірісі 80 пайызға дейін жеткізілетінін, еліміздің оңтүстігінде тағы бір қант зауытын салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстан қантты мүлде дерлік экспорттамайтынын, өйткені өндірілген барлық өнім ішкі тұтынуға кететінін, тіпті 58 пайызы сырттан импортталатынын (негізгі бөлігі ЕАЭО елдерінен) атап өтті.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі қант тұтыну 42 пайызға отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілді. Республикалық есеппен алғанда, аумақты, шикізатты, өндірістік қуатты ұлғайту арқылы біз алдағы 3-4 жылда бұл өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

Оның айтуынша, Қазақстанда қант және қант қызылшасын өндіретін төрт зауыт бар. Олар Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан.

Агроөнеркәсіп кешенінің ұлттық жобасына сәйкес қант қызылшасын егу алаңдарын кеңейту шаралары қарастырылған. Біз Қазақстанның оңтүстігінде зауыттарды жаңартып, тағы бір зауыт салуды жоспарлап отырмыз. Ербол Қарашөкеев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: