ҚР АШМ елімізде жеміс көшеттерін сақтандыру енгізілетінін хабарлады
Ведомсто өкілдерінің айтуынша, елімізде АӨК ерікті сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап күшіне енді. Бағдарлама операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.
Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығы саласында дәнді дақылдар (бидай, сұлы, арпа, жүгері), күздік және майлы дақылдар (күнбағыс, зығыр, рапс) бойынша сақтандыру өнімдері енгізілді, сонымен бірге мал шаруашылығы саласында ІҚМ, ұсақ мал, жылқы, құс саласы сақтандыруға жатады.
Жеміс екпелерін сақтандыру өнімі өткен жылы шетелдік компаниялардың бірімен бірлесіп әзірленіп, Қазақстанда тестілеуден өтті. Алайда тестілеу кезінде әзірленген сақтандыру өнімінің кейбір қателіктері анықталды, бұл оны практикалық іске асыруға мүмкіндік бермеді.
Қазіргі уақытта Агросақтандыру қауымдастығы Германия – Қазақстан аграрлық-саяси диалогымен, Swiss Re қайта сақтандыру ұйымымен және Agroinsurance International компаниясымен бірлесіп, оны жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Көпжылдық деректер негізінде жасалатын барлық қажетті есептеулер аяқталды және қайта сақтандыру ұйымымен келісуден өтіп жатыр. Одан өткеннен кейін сақтандыру өнімі жергілікті сақтандыру компанияларымен пысықталатын болады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
Министрлік жеміс көшеттерін сақтандыруды екі бағыт бойынша енгізу жоспарланып отырғанын айтты: егінді табиғи сипаттағы құбылыстардан және аурулардан сақтандыру, сондай-ақ көпжылдық екпелердің өздерін мүлік ретінде сақтандыру.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агросақтандыру қауымдастығымен бірлесіп, осы бағытта жұмыс істеуде және ағымдағы жылы жеміс екпелерін сақтандыруды енгізу жоспарланып отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі