Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудағы мал індеті: министрлік жағдай бақылауда екенін мәлімдеді

Атырау облысы, мал індеті, ҚР АШМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 17:17 Сурет: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысының Құрманғазы және Исатай аудандарында барлығы 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 30 наурызда 4 бас мал өлгені белгілі болды, ал 22 бас малға дәрігер симптоматикалық ем жүргізіп жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігі сынама нәтижесіне сүйеніп, жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 24 наурызында биологиялық материалдар алынып, жылқының ринопневманиясы мен инфекциялық анемия мен басқа да жұқпалы емес ауруларды зерттеу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

31 наурызда Атырау облысына Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері барды.

Қызылқоға ауданындағы «Ойтаң» шаруа қожалығындағы қой мен ірі қараның жаппай қырылуына келер борлсақ, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мамандары бұған қатысты «жануарлар малды азықтандыру және тамақтандыру шаруашылығы технологиясын бұзу салдарынан өлді» деген байлам жасады.

Ведомство өкілдері комитетке Махамбет ауданының «Мутиев Г.Д.» шаруа қожалығындағы және Құрманғазы ауданының тұрғыны Самат Елемесовтың малдарының қырылуы фактілері бойынша эпизоотологиялық тексеру жүргізу туралы тапсырма берілгенін атап өтті.

Комиссия құрылып, оның құрамына Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының, әкімдіктің, ғылыми қызметкерлердің және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері кірді.ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ олар министрлік эпизоотиялық жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Бұған дейін Атырау облысының Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай, Махамбет аудандарында төрт түлік арасында мал ауруы өршіп тұрғанын жазған едік.

Тақырып бойынша оқи отырыңыз:

Атырау облысында мал қырылып жатыр

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: