Жаңалықтар тізбегі
0

Жолаушылар тасымалымен заңсыз айналысушылармен күрестің жол картасы қабылданды

Жол картасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2022 15:20 Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын автомобиль жолаушыларды тасымалдау қызметінің жолын кесу бойынша арнайы жол картасы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол картасында жолаушыларды автомобильмен тасымалдау нарығының жай-күйін талдау, ұлттық заңнама нормаларын түгендеу және түсіндіру, сондай-ақ белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірлескен шаралар жүргізу бойынша іс-шаралар көзделген.

Аталмыш құжат 2021 жылғы қыркүйекте ҚР Үкіметімен бекітілген Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде әзірленген болатын. Дәл осы жоспарға сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ішкі істер,  қаржы, ұлттық экономика, ақпарат және қоғамдық даму, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыштық өнеркәсіп министрліктерінің, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері кіретін Ведомствоаралық жұмыс тобы қызмет етуде.

Айта кетерлігі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобильмен жолаушылар тасымалы саласында заңнама талаптарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Осылайша, ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлескен іс-шаралар барысында 2021 жылы 280 рейдтік тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 390-нан астам әкімшілік іс толтырылды, 8,2 млн. теңге соммасында айыппұл салынды. Көліктік бақылау бекеттерінде 1500 әкімшілік іс толтырылды, 10 млн теңгеден астам соммаға айыппұл салынды.

Автомобильмен жолаушылар тасымалы саласында заңнама  талаптарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша одан әрі жұмыс аталған Жол картасы шеңберінде жүргізілетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: