Қазақстанда жаңа облыстардың құрылуы: үкіметке смета әзірлеу тапсырылды
Сурет: Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экономика министрі Әлібек Қуантыров әзірге жаңа үш облысты құру туралы президент жарлығының жоқтығын, алайда әкімдіктер мен аумақтық мемлекеттік органдар штаттарын құру басталып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр, әзірге жаңадан үш облыс құру және алты облысты қайта құру туралы жарлық жоқ. Облыстардың жаңа әкімдері тағайындалғаннан кейін одан әрі жұмыс жалғасады. Қазіргі уақытта әкімдіктер мен аумақтық басқармалардың, орталық мемлекеттік органдардың аппаратын жасақтау жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров
Бұл ретте ҚР ҰЭМ басшысы штатты ұлғайту бойынша түрлі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан өтініштер түсіп жатқанын атап өтті.
Мемлекеттік қызметкерлердің штат санын тым көбейту қиын, мұның бәрі ақшаға келіп тіреледі әрі ұйымдастыру жұмыстары да көп, бұл мәселелер тез шешілмейді. Тұрақты жұмыстар жасалып жатыр, қорытынды сандар өңірлер толық қалыптасқаннан кейін белгілі болады. Тиісінше, орталықтан, республикалық бюджеттен белгілі бір сома қажет болса, бұл үшін әртүрлі көздерден, мүмкін нақтыланған кезде, мүмкін екінші нақтылауда және келесі жылға қаражат қарастырылады. Әлібек Қуантыров
Министрдің айтуынша, әзірге қанша қаражат қажет болатыны, смета белгісіз. Жалпы, үкіметке уақыт берілді – бұл жұмысты бірінші жарты жылдықтың соңына дейін аяқтауы тиіс.
Оның үстіне біз бұл жұмысты негізінен екі ай бұрын қолға алып жатырмыз. Бізде уақыт бар, сонымен қатар, мұның бәрі есептеліп, тиісінше, қажет болған жағдайда тиісті бюджеттік өтінімдер жасалады. Әлібек Қуантыров
11 сәуірде Республикалық ономастикалық комиссия жаңа өңірлердің атауларын бекітті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript