Қазақстан мен Қырғызстан шекарадағы жүк көліктеріне қатысты келісімге келді
Қырғызстанның министрлер кабинеті атап өткендей, қабылданған шаралар шекарадағы жүк көліктерінің кезегін азайтуы тиіс.
Салық органдары тасымалданған тауарларға электронды шот-фактураларсыз жүк көліктерін Қырғызстаннан шығаруға рұқсат бермейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдеріне транзитпен кетіп бара жатқан электронды шот-фактуралары бар жүк көліктерін тексермейді.
Шот-фактураларда Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген декларацияланбаған тауарлар табылған жағдайда жүк көліктері кері қайтарылады.
Қырғызстанның салық қызметі мен Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы WhatsApp желісінде топ құрып, жүк көліктерін қайтарылған жағдайда, оның себебі мен басқа да мәліметтер хабарланады
Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісін жою үшін екі елдің шекара қызметінің жұмысы күшейтілмек.
Еске салсақ, наурызда бейнеконференция арқылы келіссөздер жүргізіліп, Қазақстан мен Қырғызстан шекарада жүк көліктерінің жиналып қалуын болдырмауға келісті.
Ақпан айында қырғыз тасымалдаушылары қазақстандық кеденшілер шекарада «негізсіз» тексеру жүргізіп жатқанына деп шағымданған.