Елімізде халықтың табысын арттырудың кешенді жоспары бекітілді

ҚР үкіметі, күнкөріс деңгейі, кешенді жоспар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2022 13:25 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кешенді жоспарды іске асыру 4 бағыт бойынша іс-шараларды қамтиды:

  • бюджет қаражаты мен шәкіртақыны көтеру бойынша міндеттемелер;

  • жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықтың табысын арттыру;

  • халық табысының сатып алу қабілетін қорғау;

  • табыс деңгейін арттыру бойынша жүйелі шаралар.

    Үкіметтің жоспарлауынша, кешенді жоспар іске асса, «халықтың нақты ақшалай табысының орташа жылдық өсу қарқыны 4-5% деңгейіне жетеді және 2 миллионнан астам жұмыс орны құрылады».

    Құжатта Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 5,3 %-ды құрайтыны көрсетілген. ЭЫДҰ әдістемесі бойынша Қазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 10 %. ЭЫДҰ елдерінде кедей халықтың үлесі 11,6 % (АҚШ-та – 16,8 %, Израильде – 17,7 %, Чилиде – 16,8 %, Канадада – 14,2 %, Аустралияда – 12,8 %, Ұлыбританияда – 10,8 %).

    Бұл ретте 12 облыста (Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі артып келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: