Елорда әуежайындағы жағдайды арнайы құрылған комиссия тексереді – ҚР ИИДМ
Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің БАҚ-тағы наразылығына орай жедел шаралар қабылдап, пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежай қызметкерлерінің шағымын жан-жақты, толық әрі объективті тексеру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №332 Бұйрығымен арнайы комиссия құрылды.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Ведомство Комиссия жұмысының барысын министр Қайырбек Өскенбаев тікелей бақылауына алатынын атап өтті.
Арнайы шаралар мен тиісті шешімдер тексеріс қорытындысы бойынша қабылданады.ҚР ИИДМ баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript