Жаңалықтар тізбегі
0

Орман шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасарына қызмет талаптарының толық орындалмағаны ескертілді

қызмет, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2022 18:53 Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі комиссиясы жоғары лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасарына жеке және заңды тұлғаларға заңсыз преференциялар дайындау және қабылдау, беруге байланысты тәртіптік іс қаралды.ҚР АДГС баспасөз қызметі

Істі қарап шыққан Әдеп жөніндегі комиссия комитет төрағасының орынбасарына қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескертумен тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің тәртіптік комиссиясының және Сыртқы істер министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі қызметінің қорытындысы тыңдалды.

Комиссия мүшелері министрліктер басшылығының назарын мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру және алдын алуды күшейту, тәртіптік жауапкершілік пен мемлекеттік қызметшілердің құқығын сақтау мәселелерін қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету қажет екеніне аударды.ҚР АДГС баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: