Президент мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады

Подписание законов, назначения, назначение, Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 09:07 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 3 наурызында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ұлан Абдилкаилұлы Бекіш Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ұлан Бекіш 1986 жылғы 5 қазанда Талдықорған қаласында дүниеге келген. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін үздік дипломмен ("Информатика" мамандығы) тәмамдаған.

Еңбек жолы:

Ақпараттық технологиялар кафедрасының зертханашысы, ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы (09.2008–06.2009);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық ақпараттық-талдау орталығы" ШЖҚ РМК-да Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану бөлімінің маманы, жетекші маманы, Астана қ. (06.2009–08.2012);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы" ШЖҚ РМК-да Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу және пайдалану бөлімінің басшысы, Астана қ. (08.2012–01.2013);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" ШЖҚ РМК-да кешенді тестілеу бөлімінің басшысы, жобаларды басқару бөлімінің басшысы, денсаулық сақтауды ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары, Астана қ. (01.2013–06.2016);

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ цифрлық трансформация департаментінің директоры, Астана қ. (08.2016–11.2020);

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Жүйелік талдау және басқару" кафедрасының оқытушысы, Астана қ. (09.2020–01.2021);

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті" КЕАҚ Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары (проректор), Өскемен қ. (01.2021–04.2022);

"Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы" АҚ бас директоры (04.2022 жылдан бастап).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: