Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңілдік сертификаттарының жарамдылық мерзімі ұзартылады – Серікқали Брекешев

Сұқбат Сурет: gov.kz
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанда геологиялық-физикалық салада цифрландыру ісі қалай жүргізіліп жатқаны туралы ҚР Президентінің ТРК-не берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол биыл қаңтардан бастап өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының функциясы «Жасыл даму» мемлекеттік компаниясына өткенін еске салды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының кәдеге жарату алымы көлемін төмендету жөніндегі тапсырмасы бар. Экология министрлігінің осы сипаттағы Жарлығы 14 мамырда жария етілді. Мөлшерлемелер 50%-ға дейін төмендеді. Автокөлік құралдары, ауыл шаруашылығы техникасы және тағы басқалары үшін де. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Министрдің айтуынша, проблемалық мәселелер мұнымен жойылып кеткен жоқ. Мәселен, ақпараттық жүйемен байланысты мәселе бар, оның аясында құрастыру мен қалдықтарды өңдеуге субсидиялар беріліп келген. Қазір бұл жүйе уақытша жұмыс істемейді. Тергеу шаралары жүріп жатыр. Сол аяқталғаннан кейін бұл бағыттағы жұмыс қайта жанданады.

Жеңілдік сертификаттары туралы мәселе де бар. Ауылшаруашылық техникасын пайдалануға бергендер жеңілдік сертификатына ие болған. Сертификаттың жарамдылық мерзімі бір жылмен шектеледі. Сондықтан азаматтардың бұл ретте алаңдап, бізге сауал жолдауы орынды. Қазір біз Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, осы мерзімді тағы бір жылға ұзарту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізудеміз. Тек сәл күте тұру керек. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Сондай-ақ, министр қазір геологиялық-физикалық ақпаратты цифрландыруды дамытуға және оған деген емін-еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатқанын атап өтті. 2019 жылдан бастап тендер өткізіліп, ҚР минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкін әзірлеу бойынша мердігер анықталды.

Бұл ақпараттық жүйенің тапсырыс берушісі - "Қазгеология" Ұлттық геологиялық барлау компаниясы. Мердігер компания консорциумын анықтады, оның көшбасшысы "Транстелеком" компаниясы болып табылады. Консорциум 5 компаниядан тұрады. Әрқайсысы өзіне жүктелген іспен айналысады. Геологиялық ақпаратты цифрландыру жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Онымен "Қазгеоақпарат" РҒЗО РММ айналысады. Бүгінгі таңда 142 мың қайталама геологиялық ақпарат цифрландырылды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Оның айтуынша, бұл жұмыс цифрландыру министрлігімен бірлескен жоба аясында өз жалғастығын табатын болады. Ол Kaznedra бірыңғай платформасы деп аталатын болады.

Біздің геологиялық ақпаратымыз бастысы болады. Оған уақыт өте келе Энергетика министрлігінің жүйесі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараттық жүйесі қосылады. Жалпы, нәтижесінде біз толығымен автоматтандырылған процестерді құрамыз. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев

Пайдаланушы интерактивті картаға кіріп, оны қызықтыратын пайдалы қазбаны таңдай алады.

Аукциондар өткізу, есептілік және лицензиялық-келісімшартт талаптарын алу кезінде де осы жүйеге сүйенетін болады.

Әзірленіп жатқан жүйе еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыратынын баса атай кеткім келеді. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: