Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан Қытайға «Қорғас» ШЫХО жұмысын қалпына келтіруді ұсынды

Қытай, Қазақстан, "Қорғас" ШЫХО, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2022 21:58 Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев пен ҚХР Коммерция министрінің орынбасары – Халықаралық сауда бойынша келіссөздеріндегі Қытайдың өкілі Ван Шоувэньмен екі ел арасындағы сауданы жандандыру жөнінде нақты қадамдар туралы пікірлесті, деп хабарлайды Zakon
Бейжіңде өткен кездесуде Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы елшісі сұхбаттасушының назарын электрондық коммерцияны қоса алғанда, екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша тұрақты ынталандыру шараларын қабылдау қажеттігіне аударды. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат 2026 жылға дейінгі сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын келісуді жеделдету, сондай-ақ сауда, инвестициялар және өңіраралық өзара іс-қимыл салаларындағы жұмыс тетіктерін жандандыруды ұсынды. Елші қазақстандық тараптың Қытайға отандық мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу номенклатурасын кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар елші Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінің тиімді жұмыс істеуі және «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қайта жандандыру екі жақты сауда үшін маңызды екенін ерекше атап өтті.ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ван Шоувэнь қытайлық тараптың ҚР-ҚХР арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында екі ел арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға дайын екенін білдірді.

ҚХР Коммерция министрінің орынбасары қазақстандық тарап ұсынған екіжақты тауар айналымының өсуін ынталандыру және сауда-экономикалық ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды қолдады.ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: