Қазақстан мен Қытай шекарасында үшінші теміржол өткелі пайда болуы мүмкін

Қазақстан-Қытай, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 23:36 Сурет: primeminister.kz
Бұл туралы ҚХР-дағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді, ол аспан асты елі басшысының республикамызға жасаған сапарының тарихи маңыздылығына баға берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл - ҚХР төрағасының Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент болып сайланғаннан кейінгі алғашқы сапары. Бұл - ҚКП-ның XX-шы Бүкілқытайлық съезі және ҚР-дағы кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында өткен сапар. Алдағы сапарға да айырықша назар аударылып отыр. Кездесуде елдер арасындағы 30 жылдық қарым-қатынастың қорытындысы шығарылып, жаңа кезеңдегі даму бағыттары айқындалды. Шахрат Нұрышев

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат еліміздің транзиттік-көліктік бағыттарын одан әрі әртараптандыруға және интеграцияланған логистикалық шешімдерді енгізуге, оның ішінде Қазақстан арқылы жаңа теміржол дәліздерін ашуға мүдделілігін білдірді.

Атап айтқанда, біз Қазақстан-Қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу мәселесін белсенді талқылаудамыз. Біз оны Қытай мен Еуропа арасындағы жүктердің жылдам қозғалысына ықпал етеді деп санаймыз. Шахрат Нұрышев

Сондай-ақ, екі елдің аумағында мәдени орталықтар ашу мәселесі талқыланды. Елші оның екіжақты достықты нығайту үшін гуманитарлық тұрғыдан маңызды екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: